Current Date: 31-03-2025

Қазақстан мен Қырғызстанда жер сілкінді

2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 03 сағат 42 минутта Қазақстан мен Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың есептік қарқындылығы Тараз бен Шу қаласында екі баллды құраған. Ал, ауылдарда:

  • Мерке ауылы 5.0 б.
  • Кұлан ауылы 4.0 б.
  • Толе Би ауылы 2.0 б.
  • Сарыкемер ауылы 2.0 б.
  • Қордай ауылы 2.0 б.
  • Аса ауылы 2.0 б.
  • Мойынкұм ауылы 2.0 б.