Current Date: 31-03-2025

Қарағандыда қызыл жалын арасынан әйел адам құтқарылды

Қарағандыда Степная көшесі бойындағы барак үлгісіндегі тұрғын үйде өрт орын алды. Өрт сөндіру кезінде ТЖМ құтқарушылары әйелді құтқарды. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт шағын алаңда толығымен сөндірілді.

"Өрттің себебі анықталуда. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Жаңаөзендегі сауда орталығында өртті сөндіру кезінде құтқарушы зардап шеккендігі хабарланған болатын.