Current Date: 14-03-2025

Халыққа қызмет көрсету орталықтары наурыз мерекелерінде қалай жұмыс істейді

" Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмыс кестесі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Дүйсенбі күні, 10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтарда сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды.

Дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталады. Ал 21, 22, 23 және 24 наурызда Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері.

Айта кетейік, Қазақстанда демалыс күндері болып 8-10 наурыз және 21-25 наурыз жарияланды.