Михаил Шайдоров 4-ші жаһандық додасын (2021, 2023, 2024 жыл) жоғары ұпаймен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр, ерлер жарыс жолына шықты.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 39 спортшы арасынан 94.77 ұпаймен үшінші орын алған Михаил Шайдоров ел тарихында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша әлем чемпионатында ең көп ұпай алған спортшы ретінде тіркелді.
Бұған дейін 2013 жылы Денис Тен қысқа бағдарламада 91.56 ұпай алған екен.