Current Date: 31-03-2025

Ұлттық Банк 28 наурыздан бастап жаңа 1000 теңгелік банкнотаны айналымға шығарады

Бұл банкнота "Сақ стилі" сериясымен шығарылған төртінші жаңа номинал болып табылады.

Ұлттық Банк 28 наурыздан бастап жаңа дизайндағы 1 000 теңгелік банкноталарды айналымға енгізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа банкноталардың түсі қоңыр және ашық қоңыр болып келеді.

Банкнотаның бет жағында:

  • Көкте ұшқан құс пен "Өмір ағашының" бұтағы;
  • ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнегі бар шексіздік символы;
  • Төс айыл (тартпа) элементі мен бұралған жыртқыш формасы беріктік пен төзімділіктің символы ретінде бейнеленген.

Банкнотаның артқы жағында:

  • Ою-өрнекпен стильденген қалқан фонында Төбет пен Тазы иттері;
  • Қазақ халқының ою-өрнегі бар.

Жаңа банкноталар 2025 жылдың екінші жартысында кең көлемде қолданысқа енгізіле бастайды.

Ал 2014 жылғы үлгідегі 1 000 теңгелік банкноталар екі жыл ішінде біртіндеп айналымнан алынып тасталады.

Ұлттық Банк жаңа және ескі үлгідегі банкноталар 2027 жылдың 27 наурызына дейін қатар айналымда болатындығын хабарлады.