Current Date: 31-03-2025

Алматыдан Вьетнамға жол тартқан ұшақ тосын жайтқа тап болды

Бұған Air Astana ұшағының техникалық ақауы себеп болуы мүмкін .

Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ қала үстінде біраз уақыт қалқып, кейін әуежайға қайтып оралған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе компаниясының жауабында 28 наурызда Алматы-Нянчанг бағыты бойынша КС193 түнгі рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық себеппен Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонғаны айтылады.

– Рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, ал қалауы бойынша қонақүйге орналастыру ұсынылды. Жолаушылар басқа әуе кемесімен сағат 07:15-те жолға шықты. Рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, – деп хабарлады компания өкілдері.