Current Date: 31-03-2025

28 наурыздағы сауда барысында доллар бірден бес теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 28 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 4,95 теңгеге көтеріліп, 503,42 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,02 теңгені (+0,06) құрады.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 69,16 теңгеге (+0,67) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 502,1-504,7 теңге, еуро 542,5-547,5 теңге, рубль 5,87-6,03 теңге аралығында сатылуда.

28 наурыздағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді. Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,44%-ға төмендеп, барреліне $73,02 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,40%-ға арзандап, барреліне 69,64 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 498,25 теңге, еуроны 537,16 теңге, рубльді 5,96 теңге деп белгіледі.