Current Date: 31-03-2025

Бангкокта төтенше жағдай жарияланды

Таиланд премьер-министрі көршілес Мьянмада болған күшті жер сілкінісінен кейін Бангкокта «төтенше жағдай» режимін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Премьер-министр Пхэтхонгтхан Чинават Ішкі істер министрлігіне бүкіл ел бойынша жағдайды ұлттық деңгейдегі төтенше оқиға ретінде қарастыруды тапсырған. Бұл шара халыққа жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Сонымен қатар бұл туралы барлық мемлекеттік органдар хабардар етіліп, мектептерге балаларды ертерек үйлеріне жіберу тапсырылған.

Жергілікті билік алдағы 24 сағат ішінде тағы да жерасты дүмпулері болуы мүмкін екенін ескертті.