Current Date: 31-03-2025

Жамбыл облысында тағы 5 балдық жер сілкінісі болды

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

28 наурыз күні күндіз Жамбыл облысы Меркі ауданында тағы 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де жер сілкінісін тіркеді.

"Дүмпу Жамбыл облысында тіркелді. Болжамды қарқындылық анықталуда. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан", – делінген хабарламада.

Жамбыл облысының Меркі ауданында жер дүмпуінің қуаты 5 балл, Құлан ауылында 4,4 балл, Шу қаласында 2 балл, Төле би, Сарыкемер ауылдарында 2,5 балл болған.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.


Оқи отырыңыз: Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді