Нұрлан имам TikTok парақшасындағы тікелей эфирде оқырман сауалына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқырмандарының бірі имамға биылғы Рамазан айы не үшін 29 күн деген сұрақ қойған.
"Оны ана дүниеге барғанда Құдайдың өзінен сұрап аласың. Иә, Алла Тағала неге 29 күн қылдың, мен 30 күн ұстағым келіп еді дейсің. Мүфтият 29 күн деп айтты ма соны ұстай бер. Басқасына басты қатырма. Қазақта зерттейтін нәрсе көп, білім мен ғылымды зертте. Отырып алып 29 күнді мыжи бермейік", — деп жауап берді имам.
Нұрлан имамның бұл жауабына оқырмандары түрлі пікір қалдырып, өз жауаптарын жарыса жазды.
@aidanaraiymbekkizi #рамазан #нұрланимам #ораза ♬ оригинальный звук — ????Дана