Елордада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы қала тұрғындарының өтініштері белсенді түрде қабылданып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыру мәселесін қозғай алады. Жүйе жұмыс істей бастағалы бері 1600-ге жуық өтініш түсіп, оның 1362-сі орындалған. Өтініштердің негізгі санаттарына абаттандыру, жарықтандыру мәселелері, жол жөндеу, көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жатады.
Ескертулер уақытылы өңделеді, бұл тұрғындар үшін қолайсыздықты азайтуға көмектеседі. «Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындардың жылдам және ашық өзара байланысы. Қала тұрғындарымен белсенді байланыс орнатылып, олардың ескертулері мен ұсыныстары ескерілмек.