Current Date: 31-03-2025

Қазақстан мен Қытай көлік байланыстарын дамыту жобасы талқыланды

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Синьцзян сауда-логистикалық тобының төрағасы Шэнь Цзиньшэньмен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Келіссөз барысында тараптар Алатау қаласы Жетіген ауданында «Қытай–Қазақстан халықаралық сауда-логистикалық орталығын» іске асыру мәселесін қарастырды.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және көлік байланыстарын дамытуға бағытталған. Оның аясында теміржол және мультимодальды инфрақұрылым, сондай-ақ қойма кешендерін салу жоспарланып отыр.

Тараптар серіктестік шарттарын одан әрі пысықтау жөнінде келісті. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен компания өкілдері арасында қосымша келіссөздер өтеді.