Синоптиктер алдағы жұма, 2025 жылғы 7 наурызға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, республикамыз бойынша боран, тұман, көктайғақ, жел сынды ортақ табиғи құбылыстар белең алады деп күтіледі.
"Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс циклоны айқындайтын болады, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты, атап айтқанда, еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі", делінген болжамда.
Сондай-ақ, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да көпке күшейеді деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер 8 наурызда Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қар жауатынын ескерткен.