Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform тілшісіне айтып берді.
Оның сөзінше, жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастардан ешқандай өтініш түспеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің ақпараты бойынша жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастарымыздан қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ, – деді ол.
Осыған дейін Мьянма мен Таиландта жойқын жер сілкінісі https://inbusiness.kz/kz/last/myanma-men-tailandta-zher-silkinisi-boldy тіркелгенін, сондай-ақ Алматыдан 323 шақырым жерде болған жер сілкінісінің де ел аумағына әсері туралы жазған едік. Одан бөлек, Жамбыл облысында жер дүмпуінің тағы да қайталанғанын хабарладық.