Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Құтқарушылар балалардың терезеден құлау жағдайының алдын алу бойынша үндеу жасады

Елордалық ТЖД мамандары балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша ата-аналарға үндеу жасады , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күн жылынған сәттен бастап қауіпсіздік шараларына көбірек көңіл бөлу керек, — дейді елордалық құтқарушылар.

Балалар жарақатын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:

– үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен қауіп болмақ;

– балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезенің алдында ойнатпаңыз;

– терезедегі масалардан қорғайтын торға сүйеніп тұруға болмайды, бала сол торға алданып, құлап кетуі мүмкін;

– баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнату керек;

– бала терезенің алдына шығып кетпес үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз.