Current Date: 31-03-2025

«Блюцифер»

АҚШ-тағы Денвер әуежайының алдында тұрған алып мүсінді жұрт «Блю­­ци­фер» деп атап кеткен. Себебі кө­зі­­нен жалын шашыраған жылқы бей­не­­­сін көрген бойда-ақ кеудеге қор­қы­­ныш ұялайды.

Осы мүсінді жасаған америкалық шебер Луис Хименес үшін бұл туынды өміріндегі соңғы жұмыс болды. 2006 жылы ол аттың басын бояп жатқан кезде, төрт тонналық ауыр бөлшек үзіліп түсіп, мүсіншінің аяғындағы күретамырды қиып кеткен. Хименес сол жерде қайтыс болды. Соған қарамастан, шебердің туыс­тары мен әріптестері жұмысты аяқтап, мүсінді орнына қойды. Содан бері бұл мүсінге қарап, жұрт екіұдай сезімде қалады.