Current Date: 31-03-2025

«Nomad Guard» қызметі

Жасанды интеллектінің игілігімен қатар, зиянды тұсы да баршылық. Оны интернет-алаяқтар қарапайым азаматтың деректерінен бастап, мемлекеттің құпия ақпаратын қолға түсіретін таптырмас құрал ретінде пайдаланып отыр. Сол себепті жақын арада «eGov» порталында жеке деректердің таралғанын тексеретін жаңа функция іске қосылмақ.

«TSARKA Group» сарапшылары әзірлеген «Nomad Guard» қызметінің интеграциясы «Мобилді азаматтар» базасындағы деректер негізінде ақпараттың автоматты түрде тексерілуін қамтамасыз етеді. Азаматтар ЭЦҚ арқылы жүйеге кіргеннен кейін, сервис автоматты түрде деректерді талдап шығады. Егер қандай да бір ақпарат таралып кеткені анықталса, пайдаланушыға 1414 нөмірінен SMS және «eGov Mobile» қосымшасы арқылы хабарлама жіберіледі.

Мұндай ескерту арқылы азамат өз деректерінің қауіпсіздігіне назар аударып, алаяқтардан сақтану үшін шұғыл шара қабылдай алады. Себебі жеке мәліметтер даркнет пен Telegram арналарына тарап кетсе, алаяқтар құрығына түсіруі мүмкін.

«Web-Totem» компаниясының басшысы Руслан Тургелдиновтің айтуынша, бұл қызмет деректер қауіп­сіздігін арттырып, азаматтардың жеке ақпара­тымен жасалатын алаяқтықтың алдын алуға көмек­теседі. Қазір бұл функция тестілеудің соңғы кезеңінде, жақын арада «eGov Mobile» жүйесінде қолжетімді болады.