Current Date: 31-03-2025

Қазақстанның үш облысында еріген қар суының салдарынан жол жабылды

2025 жылғы 29 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз" автожолының 3-92-шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7-шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 110 арнайы техника мен 187 маман жұмылдырылды.