Current Date: 31-03-2025

Мьянмадағы жер сілкінісі: Тоқаев елдің премьер-министріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Бангкокта жер сілкінісі салдарынан салынып жатқан көпқабатты ғимарат опырылғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget