Current Date: 31-03-2025

Мьянмадағы жер сілкінісінен мерт болғандар саны 1000-нан асты

Аталған аумақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Мьянмада жер сілкінісі салдарынан қираған қирандыларды тазарту жұмысын жүргізген сайын зардап шеккендер мен қаза тапқандардың саны артып келеді. Қазірдің өзінде мерт болғандар 1000-нан асып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

28 наурыз, жұма күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша күші 7,7 және 6,4 балдық екі жер сілкінісі жағдайы тіркелді. Зілзаладан зардап шеккендерге Қытай, Үндістан және Ресей елдері медициналық және құтқару топтарын жіберіп жатыр.

Нақты дерекке сүйенсек, қаза тапқандар 1002-ге жетті, зардап шеккендер 2376 адам. Бұл сандар әлі өзгеруі мүмкін.

Жер сілкінісі Қытай мен Таиландта да сезілді. Нәтижесінде Бангкокта аяқталмаған зәулім ғимарат құлады, оның қирандыларының астында бірнеше ондаған адам болуы мүмкін деп болжанды.