Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен жарыс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші күні бес салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасынан жартылай финалға Рахат Қалжан (57 келі) және Ризабек Айтмұхан (97 келі) шықты.
Ал бастапқы айналымда Нұрсұлтан Садық (65 келі), Начын Куулар (70 келі) және Дәулет Ергеш (79 келі) жеңіліс тапты. Дегенмен олардың жүлде үшін күресуге мүмкіндігі бар. Егер қарсыластары финалға шықса, біздің балуандар жұбаныш белдесулерінде жеңіске жеткен жағдайда қола медаль үшін бақ сынайды.