Current Date: 31-03-2025

ҰҚК Ақтөбе облысындағы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті жергілікті тұрғын ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында 120-дан астам шетелдік азаматты жалған жұмысқа орналасу мен тұрғылықты жерлеріне тіркеу арқылы заңнаманы айналып өтіп, ел аумағында заңдастырылуына мүмкіндік берген схема анықталды.

2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қаласы сотының шешімімен ұйымдастырушы Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылып, бір жылға бас бостандығы шектелді.

Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұруға заңсыз алған рұқсаттарының күші жойылды.