Current Date: 31-03-2025

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұқан финалда күреседі

Иорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін кешке еркін күрестен 4 спортшымыз жүлде үшін сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финал, 97 кг:

Ризабек Айтмұхан — Араш Йошида (Жапония)

Екі спортшы 2023 жылы Астанадағы Азия чемпионатының финалында (92 кг) күрескен. Ол кезде жапон палуаны басым болған.

Қола медаль, 57 кг:

Рахат Қалжан — Хусейн Худхур Ясим (Ирак)

Қола медаль, 70 кг:

Начын Куулар — Иошинасуке Аояги (Жапония)

Былтыр Тиранада Нұрқожа Қайпанов Аоягиді жығып, әлем чемпионы атанған (70 кг).

Қола медаль, 79 кг:

Дәулет Ергеш — Сулдхуу Олонбаяр (Моңғолия).

Бұған дейін еліміздің грек-рим құрамасының балуандары 2 күміс, 2 қола медаль иеленген еді. Кеше әйелдер күресінен сынға түскен құрама 2 жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде Жәмила Бақбергенова төртінші рет Азия чемпионы атанса, 53 келіде Зейнеп Баянова үшінші орынға ие болды.