Шымкенттегі екі қабатты дәмханада үлкен өрт болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Асар шағынауданындағы екі қабатты дәмхананың жертөлесінде өрт шықты. Өртсөндірушілер жеткен кезде кафеден қалың қара түтін шығып жатқан.
"Түтін мен жоғары температураға байланысты өртсөндірушілерге өрт ошағын анықтау қиынға соқты. Өртсөндірушілердің кәсіби және батыл әрекеттерінің арқасында өрт таралуына жол бермей, ауыздықтауға мүмкіндік туды", — деп жазылған ақпаратта.
Жертөледе автомобиль бөлшектері мен майлар жанғаны белгілі болды.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз