Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.
Нұрқожа жартылай финалда ирандық Мохаммад Реза Шакериді 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, финалдық белдесулер Астана уақытымен 20:00-де басталады.