"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 31 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батысында, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.