Current Date: 01-04-2025

Еркін күрестен Азия чемпионаты: Болат Сақаев финалға шықты

Қазақстан құрамасының спортшысы Болат Сақаев Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Болат жартылай финалда Қытай спортшысы Цао Нанға еш мүмкіндік қалдырмай, 12:1 есебімен басым түсті.

Ал Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпейге есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күресетін болады.

Бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) финалға өткен еді.