Мьянмадағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артып жатыр.
Желіде Қытайдың Мьянмамен шектесетін Жуйли қаласында жер сілкінісі кезінде балаларды құтқарған перзентхана мейірбикелері түсірілген видео тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты China Xinhua News Х парақшасына сілтеме жасап.
Желіде тараған видеодан жергілікті перзентхананың медбикелері жер сілкінісі кезінде жаңа туған нәрестелер жатқан инкубаторларды ұстап тұруға тырысқанын көруге болады.
Видео әлеуметтік желіде тарап, қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Олар мейірбикелерді тауып, марапатқа ұсынуды талап етті.