Current Date: 01-04-2025

Ұлытау облысында 70-ке жуық киіктің өлексесі табылды

Өлекселерді Төтенше жағдайлар қызметкерлері байқаған.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасының маңынан киіктердің өлекселері табылды. Аталған жағдай әлеуметтік желіде тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасының "Водосброс" және "Спутник" саяжайы маңында киік өлекселерін жинау жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар жағалаудағы аумақты мұқият тексеріп, табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында қажетті шаралар қабылдап жатыр.

– Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 67 өлексе табылып, "Охотзоопром" РМКК қызметкерлеріне тапсырылды. Іс-шаралар экологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында жалғасады, – делінген хабарламада.