Current Date: 01-04-2025

Жаңбыр, жел: наурыздың соңғы күнінде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 31 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батысында, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.