Елімізде алдағы 5 жылда 14 мың шақырымнан астам суару арнасы жаңартылады. Бүгін Астанада су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Қазір ауыл шаруашылығы су тапшылығын тартып отыр. Онсыз да қат су ескі жүйелермен алқаптарға жеткенше 30-40 пайызы жолда жоғалады. Сол үшін саланы кешенді түрде жаңғырту көзделуде. Ауқымды жоспар аясында 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Ал қолданыстағы 37 нысанға жөндеу жүргізіледі. Осы шаралардың арқасында суармалы жер көлемі 2,5 млн гектарға дейін ұлғаяды.
Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
- Су ресурстарын бөлу және тиімді басқару. Қазір біз осы бағыттағы жобалардың тізімін нақтылаудамыз. ФАО өз тарапынан бізге мамандар жіберуге және тәжірибесімен көмектесуге ниетті еткендіктерін білдірді. Ал бұған дейін Сырдария өзені бассейніндегі учаскелер желісін автоматтандыру жөнінде өзбекстандық әріптестерімізбен келістік.