Конкурс өңірлік және республикалық деңгейде өтеді.
Шымкенттік кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2025" байқауына қатыса алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Негізгі номинациялар:
- Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын – қызметкерлер мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту жобалары қаралады.
- Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын – еңбек жағдайын жақсарту шаралары ескеріледі.
- Үздік ұжымдық шарт – қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын жақсартуға бағытталған шарттар бағаланады.
- Экологияға қосқан үлесі үшін – қоршаған ортаны қорғау бойынша ерекше бастамалар марапатталады.
- Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесетін үздік жобаға арнайы сыйлық тағайындалады.
Қатысу шарттары:
- Кәсіпорынның үш жылдан астам жұмыс істеуі
- Еңбек заңнамасын сақтауы
- Қайырымдылық қызметпен айналысуы
Өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығында қабылданады.
Мекенжайы: Шымкент қ, Нұрсат ш/а, С.Бәйтереков көшесі, 89 (6 каб.)