Current Date: 01-04-2025

Мьянмадағы жер сілкінісі: Роскосмос ғарыштан түсірілген суретті жариялады

Суретте Сагайн қаласындағы көпірге қалай зақым келгені көрсетілген.

Роскосмос ғарыш компаниясының Тelegram арнасында Мьянмада болған жер сілкінісінің салдары бейнеленген.

"Ресурс-П" спутниктік суретінде – Сагайн қаласы. 28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,7 жер сілкінісі болды. Ол Таиланд, Қытай, Вьетнам және Үндістанда сезілді. Роскосмос спутниктері зілзала салдарына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр", – делінген суреттің сипаттамасында.

Еске салайық, Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі 1700-ден астам адамның өмірін қиып кетті. Бұл – соңғы жылдары бұл өңірде болған ең қуатты зілзалалардың бірі.

Мьянмада жер сілкінісі кезінде Ирравади өзенінің жағалауын байланыстыратын көпір опырылды. Елде төтенше жағдай жарияланды.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіруді тапсырды