Current Date: 01-04-2025

Алматының ботаникалық бағы жазғы уақыт кестесіне ауысты

Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі хабарлады .

Ресми мәліметке сәйкес, алматылықтар Бас ботаникалық баққа күнделікті 09:00-ден 20:00-ге дейін бара алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1 сәуірден бастап Ботаникалық бақ жазғы кестесiне көшкенін хабарлаймыз. Енді біз күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық боламыз. Касса жұмысындағы техникалық үзіліс: 15:00–15.30", — деп хабарлады бақтың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, әр айдың бірінші дүйсенбісінде ботаникалық бақта санитарлық күн өтеді. Санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін.