Current Date: 01-04-2025

Словения президентін Ақордада қалай қарсы алды

2025 жылғы 31 наурызда Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.