Current Date: 01-04-2025

Сүйінші жаңалық! Қазақстан мектептерінде жаңа лауазым пайда болады

Аталған мамандық Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес енгізілген .

Әрі педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында ресми түрде бекітіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар береді деп сендірді. Сонымен қатар, оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталғанын мәлім етті.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;

Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;

Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;

Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

"Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың саналы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді", – деп жазылған ресми хабарламада.