Current Date: 01-04-2025

Павлодар облысында иесіз малдың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы тіркелді

30 наурызда Омбы — Майқапшағай автожолында, Аққулы ауылының маңында Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі құлынды басып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Іздестіру шаралары барысында Аққулы ауданының полиция қызметкерлері мамандандырылған тұраққа айдалатын иесіз табынды анықтады. Кейінірек соғылған жылқы мен табынның иесі де табылды.

"Бастапқыда иесі апатқа ұшыраған жылқыны өзінікі деп танымай, бас тартты. Алайда полицейлердің ұқыптылығы арқасында, табында құйрығы өрілген жылқыларды байқаған ол көлік қағып кеткен құлынды өзінікі екенін мойындады. Иесі жауапкершілікке тартылды. Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі залалды өтеу үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгіну құқығын өзіне қалдырды", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Биыл мамандандырылған тұрақтарға 2352 иесіз мал қамалды, ал 127 иесі жауапкершілікке тартылды. Облыс аумағында иесіз малдың қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді.