Current Date: 01-04-2025

Алаяқтар құлаққап арқылы деректеріңізді ұрлауы мүмкін

Заманауи сымсыз құлаққаптар тек ыңғайлы құрал ғана емес, тыңшылық пен деректеріңізді ұрлаудың құралына айналуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ресейлік "Газинформсервис" компаниясының инженер-аналитигі Екатерина Едемская мәлімдеді.

Маманның айтуынша, Bluetooth арқылы аудио беруде әлсіз шифрлау алгоритмдерін қолданатын құрылғылар жеке мәліметтерді жартылай ашық күйде таратуы мүмкін. Бұл деректерді арнайы құралдары бар хакерлер ұстап алып, аудионы тыңдау, микрофонды жасырын қосу, тіпті банктік деректерге қол жеткізу үшін пайдалана алады.

Ескі Bluetooth нұсқаларымен (әсіресе 4.2 және төмен) жұмыс істейтін құрылғылар мен жаңартуларды алмайтын құлаққаптар хакерлік шабуылға оңай ұшырайды. Сонымен қатар, қауіпсіздік деңгейі төмен Bluetooth-профильдер мен гаджеттердің жаңа құрылғыларға рұқсатсыз қосылуы да қауіп тудырады.

Сарапшының кеңестері:

  • Bluetooth 5.0 немесе одан жоғары нұсқасы бар құлаққаптарды пайдаланыңыз
  • Қоғамдық орындарда Bluetooth-ты өшіріп жүріңіз
  • Бейтаныс құрылғыларға қосылмаңыз
  • Құрылғыларға үнемі жаңарту орнатыңыз