Current Date: 01-04-2025

Елдегі көлігі ең көп өңір анықталды

Соңғы статистикалық мәліметтерден елімізде 5 миллион 800 мыңға жуық автокөлік тіркелгенін байқауға болады.

Сондай-ақ, автомобиль нарығындағы ТОП-3 көп сатылған көлік маркасы да белгілі болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандағы ең ірі онлайн авто-хабарландыру платформасының дерегінше, 2024 жылы елімізде 205 111 көлік сатылған. Бұл – оның алдындағы жылмен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары көрсеткіш. Былтыр елдегі автосалондар 44 218 Hyundai көлігін саудалаған. Екінші орында 30 927 данасын сатқан Chevrolet маркасы тұр. Үшінші орынға 23 045 дана сатылыммен көзге түскен Kia көлігі жайғасқан.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың 1 наурызына дейін елімізде 5 791 674 автокөлік тіркелген. Оның 5 101 862-сі жеңіл көлік болса, 573 659-ы жүк көлігі мен 116 153-і автобус.

Автомобиль саны бойынша Алматы қаласы 1-орында (671 163 көлік) тұр. Тізімді 612 907 машинасы бар Алматы облысы жалғастырған. Үшінші орынға 429 229 автокөлік тіркелген Астана қаласы лайық деп танылды. Автомобилі ең аз өңір Ұлытау облысы (26 725 көлік) екен.

Қай өңірде қанша автокөлік бар?

  • Абай – 69 493;
  • Ақмола – 241 623;
  • Ақтөбе – 221 886;
  • Алматы – 612 907;
  • Атырау – 158 783;
  • Батыс Қазақстан – 176 368;
  • Жамбыл – 300 445;
  • Жетісу – 79 690;
  • Қарағанды – 361 674;
  • Қостанай – 244 353;
  • Қызылорда – 178 645;
  • Маңғыстау – 194 720;
  • Оңтүстік Қазақстан – 147 231;
  • Павлодар – 213 191;
  • Солтүстік Қазақстан – 178 007;
  • Түркістан – 333 625;
  • Ұлытау – 26 725;
  • Шығыс Қазақстан – 333 648;
  • Астана қаласы – 429 229;
  • Алматы қаласы – 671 163;
  • Шымкент қаласы – 247 552;
  • Дипломатиялық нөмірлер – 52 232;
  • Өңірі көрсетілмеген – 318 484.