Елімізде банк карталарын онлайн рәсімдеуге тыйым салынуы мүмкін.
Оған қаржылық қылмыстардың азамай отырғаны басты себеп. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу нормаларын қатаңдататын қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа норма бойынша қашықтан қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейеді. Карта иесіне берілгеннен кейін алғашқы 3 айдың ішінде төлемдер қатаң бақыланады.
Мамандардың пікірінше, мұндай өзгерістер қаржы секторының қауіпсіздігін арттырып, кибер қылмыспен күресуге көмек болмақ.