Current Date: 01-04-2025

Трамп Ресей билігіне сес көрсетті

Кремль Трамптың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген жоқ.

Ресей Украина мәселесінде бітімге келуге кедергі келтірсе, АҚШ Ресейден жеткізілетін барлық мұнайға 25% қосымша баж салығын енгізеді. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп NBC News-ке берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

"Егер Ресеймен Украинадағы атысты тоқтату туралы келісімге келе алмасақ, бұл мәселеде Ресейді кінәлі деп тапсам, олай болмауы да мүмкін, бірақ егер сондай шешімге келсем, онда Ресейден жеткізілетін барлық мұнайға қайталама баж салығын енгіземін", — деді Трамп.

25-50% баж салығы кез келген уақытта енгізілуі мүмкін.

"Ресейден мұнай сатып алатындар АҚШ-та бизнес дөңгелете алмайсыз деген сөз", — деп атап өтті АҚШ президенті.

Ақ үй басшысы алдағы аптада Путинмен телефон арқылы қайта сөйлесуі мүмкін екенін де айтты. Кремль Дональд Трамптың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмеді.