Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Белгілі болғандай, арызданған жеке кәсіпкер, дүкеннен белгісіз біреудің азық-түлік ұрлап жүргенін жеткізген.
Яғни жас келіншек супермаркеттердің біріне тұтынушы ретінде кіріп, азық-түліктер, сусындар мен шоколадтарды сөмкесіне салып, білдірмей шығып кеткен.
Күдіктінің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазіргі таңда келіншектің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.