Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы Ақжайық аудандық ауруханасының қызметінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамту мәселелеріне талдау жүргізді.
Талдау барысында мұқтаж адамдарды дәрілік препараттармен қамтамасыз етпеу фактілері анықталды.
Атап айтқанда, түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған 700-ден астам пациент өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай келген.
Прокуратураның қадағалау шаралары негізінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, оларды алуға алдын-ала тапсырыс берілді.