Current Date: 02-04-2025

Улы қоспалар, тонна-тонна темекі: оңтүстікте жасырын цех әшкереленді

Түркістан облысында шегілмейтін темекі өнімдерінің цехы анықталды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

28 наурызда шегілмейтін темекі өнімдерін шығаратын кіші цехтың қызметі әшкереленді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында шикізатты дайындаудан бастап, көтерме жеткізушілер арқылы Астана мен Алматы қалаларындағы ірі сауда арналарына жеткізуге дейінгі қылмыстық әрекеттің барлық схемасы анықталды.

"Нысан Сайрам ауданында орналасқан, оның аумағы 1000 шаршы метрден асады. Тінту барысында тыйым салынған өнімдер, өндіруге арналған жабдықтар, 10 млн данадан аса қаптама, 14 тоннадан аса темекі, сондай-ақ, әртүрлі хош иістендіргіштер мен улы қоспалар тәркіленді", — деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget