Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.
Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.