Current Date: 02-04-2025

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша соттың басталатын күні белгіленді

Шерзат Болатты өлтіру дерегі бойынша алдын ала сот тыңдауы 2025 жылдың 10 сәуіріне белгіленді , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы облыстық соты мәлімдеді.

2025 жылғы 10 сәуірде, сағат 12:00-де Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдау өтеді. Процесс Талдықорған қаласындағы Қабылса Жырау көшесі, 65-үй мекенжайында орналасқан облыстық мамандандырылған көпсалалы қылмыстық істер жөніндегі сот ғимаратында өтеді, – делінген ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, бұл іс қоғамда кеңінен талқыланып, резонанс тудырған болатын. Сот процесінің басталуымен істің мән-жайы ашық қаралатыны күтілуде.