Current Date: 02-04-2025

Шерзат ісіне қатысты сот қашан және қалай өтеді?

Алматы облысының соты атышулы іс бойынша сот отырысы қашан басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі .

Ресми мәліметке сәйкес, іс бойынша алдын ала тыңдау 10 сәуір сағат 12:00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, №65 мекенжайында орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді.

- Ашық сот отырысының өтуі тағайындалды, — деп хабарлады облыстық сот.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім қайтыс болған еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен шу тудырды.