Current Date: 02-04-2025

Қоғамдық даму институтының өкілдері IV Құрылтайда көтерілген мәселелерді талқылады

Қоғамдық даму институтының өкілдері Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген мәселелерді сарапшылармен бірге талқылады, деп хабарлайды 24KZ. Президент қойған тапсырмаларды орындаудың оңтайлы жолдарын іздеп, маңыздылығына тоқталды.

Дөңгелек үстелге Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты. Қазақстанның қоғамдық даму институты ұдайы ұлттық құрылтайларды көтерілген мәселелерді зерттеу жұмыстарымен айналысып келеді.

Риззат Тасым, ҚҚДИ Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы:

- Басты мақсат алдағы уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы да өтпек. Содан кейін ұлттық Құрылтай аясында осы ішкі саясатқа байланысты басты мәселелер қозғалған болатын. Соның ішінде ұлттық Құрылтай мүшелерімен ішкі саясат тұжырымдамасын дайындау мәселесі қозалған болатын. «Тікелей біз азаматтық қоғам мәселесін ҚХА ішкі тұтастықты, бірлікті зерттегендіктен, осы тұжырымдамаға қандай ұсыныстарды бере аламыз?» деген мәселе талқыланды.