Шығыс Қазақстан облысының орталығында полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар теміржолда орын алған төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, пойыз бен автобустың соқтығысуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Патрульдік полицейлер Тимур Абдрахманов пен Раджан Базарбекұлы дереу көмекке ұмтылып, қала тұрғындарымен бірге рельс үстінде тоқтап қалған автобусты итеріп шығарды.
Олардың жылдам әрекетінің арқасында ауыр зардаптың алдын алуға мүмкіндік туды.