Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
31 наурыз күні Өзбекстанның Әндіжан облысындағы Ізбасқан ауданында орналасқан мешіттің дәретханасында газ-ауа қоспасынан жойқын жарылыс болып, салдарынан 3 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орын алған жерге бірден екі құтқару тобы, екі өрт сөндіру және құтқару бригадасы аттанған. Жарылыс нәтижесінде дәретхананың қабырғасы мен шатырына зақым келіп, бірақ өрт шықпаған.
Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша тергеу амалдары басталып, анықтау жұмыстары жүргізілуде.